389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік ғарышкерлер борт сыртына шықты

  • 313
  • UPD: 13:27, 31.05.2019
Ресейлік ғарышкерлер борт сыртына шықты

Ресейлік ғарышкерлер Олег Кононенко мен Алексей Овчинин биылдыққа алғаш рет халықаралық ғарыш айлағы бортынан ашық ғарышқа шықты.

Олар алты сағат бойы станса қаптамасының сынамасын алып, «Поиск» зерттеу модулінің иллюминаторын тазалады. Одан бөлек ғарышкерлер сараптамаларға арналған материалдар жинап, соңғы он жыл бойы айлақтың сыртында скафандрды сүрту үшін ілініп тұрған сүлгіні алды. Барлық үлгілер Жерге жіберілетін болады.

Айта кетейік, бұл Овчинин үшін алғашқы миссия болса, Коненко борт сыртына осымен бесінші мәрте шығып отыр.

Хабар 24 телеарнасы