379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хуавей» Бразилия нарығына қайтып оралды

  • 147
  • UPD: 11:24, 01.06.2019

Қытайдың телекоммуникация саласындағы алып компания Бразилия нарығына қайта оралды.

Бұл арқылы Хуавей америкалық санкция салдарынан келетін шығынның орнын толтыруды көздеп отыр. Бұған дейін компания Бразилия нарығына 2014 жылы келіп, арзан ұялы телефонға сұраныстың төмен болуына байланысты бірнеше айдан соң жабылып қалған болатын. Бұл аралықта Хуавей әлем бойынша сатылымы ең жоғары компаниялардың тізімінде екінші орынға жайғасты.  Енді жаңа смартфондары арқылы бренд қалыптастырып, Бразилия нарығында өз орнымызды аламыз деп отыр.

Айта кетейік, жақында АҚШ тарапы Хуавей тауарларынан бас тартып, санкция салған болатын. Ізінше Гугл, Панасоник сынды алып компаниялар Хуавеймен серіктестігінен бас тартты.

Хабар 24 телеарнасы