383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сицилия аралында Этна жанартауы атқылап жатыр

  • 112
  • UPD: 15:31, 01.06.2019

Италияның Сицилия аралындағы Этна жанартауы қайта атқылай бастады.

Жергілікті биліктің айтуынша, жанартаудан әзірге жақын мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ тұрғындарға бұл ауданға бармау керектігі ескертілді.

Айта кетейік, Этна Еуропадағы ең биік жанартау болып саналады. Оның 400-ге жуық ойысы бар және жыл сайын солардың бірнешеуі оянып, күл мен шоқ шашып тұрады. Ал жанартаудың қатты атқылауы соңғы рет 1992 жылы тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы