387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда дауыл кезінде құтқарушылар апатқа ұшырады

  • 295
Францияда дауыл кезінде құтқарушылар апатқа ұшырады

Францияның батыс жағалауына соққан «Мигель» дауылы кезінде құтқарушылар апатқа ұшырап, 3 адам қаза тапты.

Оқиға жағалаудан 800 метрдей жерде болды. Құтқару қызметі мұхитта қалып қойған балықшылардың шағын кемесіне көмектесуге шыққан. Бірақ жолда дауылдан қайық аударылып 7 құтқарушының 4-уі ғана аман қалған. Қазір суға батып кеткен 3 қызметкер іздестіріліп жатыр. Ал ақпарға қарағанда оқиға кезінде ұйытқыған желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға жеткен.

Хабар 24 телеарнасы