383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұл мэрінің сайлауы өтіп жатыр

  • 149
  • UPD: 20:25, 23.06.2019
Ыстамбұл мэрінің сайлауы өтіп жатыр

Ыстамбұлда жергілікті сайлау қайта өтіп жатыр. Саяси доданың алғашқысы бұған дейін, яғни 31 наурыз күні өткен болатын.

Сол кезде Республикалық халық партиясының үміткері Экрем Имамоглу сайлаушылардың 48,8% дауысын жинап жеңіске жеткен. Алайда елдің орталық сайлау комиссиясы тараптардың арызына құлақ асып, сайлау нәтижесін жойған.

Саяси додаға қатысушылар үшін Ыстамбұл стратегиялық тұрғыдан маңызды. Себебі шаһарда 10 миллионнан аса сайлаушы тіркелген. Бұл елдегі әрбір бес дауыс берушінің бірі деген сөз. Ал сайлау учаскелерінің саны 31 мың 124. Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, бүгін Ыстамбұлда қауіпсіздікті сақтауға 55 мыңнан астам тәртіп сақшысы жұмылдырылған. Сондай-ақ ойын-сауық орталықтары уақытша жұмысын тоқтатып, спирттік сусындардың сатылуына тыйым салынды. Айта кеткен жөн, 1840 жылдан бері өтіп келе жатқан саяси додаға 21 үміткер қатысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы