383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Камбоджада ғимараттың құлауы кезінде қаза тапқандар саны артты

  • 132
Камбоджада ғимараттың құлауы кезінде қаза тапқандар саны артты

Камбоджаның Сиануквиль қаласындағы ғимараттың опырылып құлауынан қаза тапқандардың саны артып, 24-ке жетті.

Олардың төртеуі әйел. Тағы 24 адам жарақат алды. Қазір апат орнында іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар үйінділер астында тағы адамдар болуы мүмкін екенін айтады.

Еске сала кетейік, кеше Сиануквиль қаласында салынып жатқан жеті қабатты ғимарат опырылып түскен болатын. Апаттың себептері әлі белгісіз. Оқиғаға байланысты полиция 4 адамды ұстады. Олардың арасында құрылысқа жауапты тұлғалар бар.

Хабар 24 телеарнасы