388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада шахтадағы апаттан 3 кенші көз жұмды

  • 239
  • UPD: 10:10, 02.07.2019
Польшада шахтадағы апаттан 3 кенші көз жұмды

Польшаның оңтүстігіндегі Катовице қаласында шахта опырылып 3 кенші мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның құлауына 2,7 балдық жер сілкінісі себеп болған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқиға кезінде кенжардың ішінде барлығы 9 адам жұмыс істеп жүрген. Құтқарушылар 6 жұмысшыны сыртқа шығарып үлгерді. Қазір олар ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Жергілікті билік оқиғадан қаза тапқандардың отбасыларына барынша көмек көрсетілетінін жеткізді.

Айта кетейік, Польша шахталарындағы апаттардан жыл басынан бері 16 кенші опат болды.

Хабар 24 телеарнасы