389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдің Троицк қаласында елорда күніне арналған балалардың сурет көрмесі өтті

  • 387
  • UPD: 11:55, 07.07.2019

Жергілікті қазақ ұлттық мәдени орталығы мұрындық болған бұл шараға елуге жуық мектеп оқушысы қатысқан.

Солардың ішінен іріктеліп алынған 20 шақты сурет авторларына түрлі сыйлықтар табыс етілді.

Үш жүз жылға жуық тарихы бар ежелгі Троицк қаласында қазір 5 мыңнан астам қазақ тұрады. Мұндағы қандастарымыз дінге берік, дәстүрге бекем. Аз шоғыр болса да ұлттық мейрам, мемлекеттік мерекелерді қалт жібермейді. Соның бір айқын дәлелі елорда күніне орай  балалар арасында сурет байқауының  ұйымдастырылуы.

 Сұрақ-жауап барысында ресейлік балалар бас қаламыздың тарихымен жақсы таныс екендігін көрсетіп жатты. Ал байқауға ұсынған суреттерінде Елорданың көрікті жерлерін бейнелеуге тырысқан.

Әйгерім Оспанова, оқушы:

- Қазақстан астанасында  бірнеше рет болдым. Зәулім, сәулетті ғимараттар  маған қатты үнады. Әсіресе Хазірет Сұлтан мешіті керемет. Өз суретімде мен сол нысанның әсемдігімін жеткізгім келді.

Троицк қазақтары балаларының ана тілінен, үлттық дәстүрден ажырап қалмауын басты міндет деп біледі. Жергілікті мектепте аптасына екі рет қазақ тілі мен әдебиет сабағы өткізіледі. Әрине оқулықтар жетіспейді, басқа да кедергілер бар, бірақ олар оған мойынсұнбақ емес.

Анжела Мужичк, қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

- Жан-жақтан әртүрлі мәліметтерді аламыз, қазір бізде ғаламтордан, әрине көбінесе соны пайдаланамыз.Кітап, әрине Қазақстанға барғанда кітаптарды сатып аламыз. 201316 Ресейде тұрсақта, қазақ тілін ұмытпай, салт-дәстүрді балаларға көрсетеміз, оқытамыз.

Айта кетелік, алдағы тамыз айында Челябинск облысында «Туған жер» атты өңірлік қазақ мәдениетінің фестивалі өтеді. Оған 10 мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы