389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте 230 мыңдай адам ереуілге шықты

  • 287
  • UPD: 13:02, 08.07.2019
Гонконгте 230 мыңдай адам ереуілге шықты Профиль

Гонконгте экстрадиция туралы заң жобасына қарсы тағы да наразылық шарасы өтті.

Бұл жолы көшеге 230 мыңдай адам шыққан. Ереуілдің соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласып, ондаған ереуілші тұтқынға алынды.

Наразылық шарасына шыққандар бұл жолы туристік аудандағы көшелерге жиналды.

Айта кетейік, Гонконгта бұл ереуілдердің өтіп жатқанына бір айдан асты. Наразы халық биліктің экстрадиция туралы заңға енгізген өзгерістеріне қарсы. Олардың айтуынша, қылмыскерлерді Қытайға беруге болмайды. Себебі, ол елде тергеу жұмыстары азаптау және қысыммен өтеді дейді. Ал ресми Бейжің мұндай айыпты мойындамай отыр. 

Хабар 24 телеарнасы