Грекияның метеорологиялық қызметі елдің орталық өңірінде ауа температурасы 40 градустан асуы мүмкін деп дабыл қағып отыр.
Мұндай ауа райына үйренбеген еуропалықтар даурығып, су жағалауынан шықпай жатыр. Жергілікті билік болса тұрғындар мен туристерге сыртқа шықпауға кеңес береді. Мамандар қапырыққа шыдай алмағандар есінен тануы мүмкін дейді.
Айта кетейік, Грекияда күннің қатты ысуы осы аптаның ішінде екінші рет байқалуда.