383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерияда ереуіл полициямен қақтығысқа ұласты

  • 142
Нигерияда ереуіл полициямен қақтығысқа ұласты

Нигерия астанасы Абуджада өткен халық ереуілі тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты.

«Нигерияның ислам қозғалысы» атты ұйымының мүшелері елдегі парламенттің жұмысына кедергі келтірді. Наразылар жергілікті биліктен 2015 жылдан бері қамауда отырған аталмыш ұйымның көшбасшысын бостандыққа шығаруды талап етті. Жиналған жұртты тарату үшін полиция көз жасауратын газ бен қару қолданған. Салдарынан бір тәртіп сақшысы мерт болды. 4 адам түрлі жарақат алды. Тағы бірнеше адам қамауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы