386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда корольдік аққулардың санағы басталды

  • 145
  • UPD: 11:38, 17.07.2019
Ұлыбританияда корольдік аққулардың санағы басталды

Ұлыбританияда ерекше дәстүрдің бірі – корольдік аққулардың санағы басталды. Бұл әдет-ғұрып орта ғасырлардан бастау алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол кездері құстар дастархан сәні саналған. Алайда қазіргі таңда аққулардың саны азайып кеткен. Сондықтан бүгінде бұл дәстүр білім беру мен табиғаттың әр алуандығын сақтау мақсатында қажет. Санақты арнайы дайындықтан өткен адамдар жүргізеді. Олар аққуларды судан алып, жағаға шығарады. Жағалауда құстардың салмағы өлшеніп, жарақатының бар-жоғы тексерілгеннен кейін қайта өзенге жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы