384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік лагерьде шыққан өрттің себебі анықталды

  • 389
  • UPD: 23:00, 23.07.2019
Ресейлік лагерьде шыққан өрттің себебі анықталды

Ресейдің Амурдағы Комсомольск қаласы маңындағы шатырлы лагерьде өрт шықты. Салдарынан 4 бала қаза тапты.

Тағы біреуі жан сақтау бөлімінде. Өртке байланысты 200-ге жуық бүлдіршін эвакуацияланды. Қызыл жалын салдарынан 20 шатыр жанып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке істен шыққан жылытқыш себеп болған. Бастапқыда оны қызметкерлердің өздері сөндірмек болыпты. Сөйтіп, өрт сөндірушілер тым кеш шақырылған. Қазір оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы