386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда найзағайдан 50 адам көз жұмды

  • 141
Үндістанда найзағайдан 50 адам көз жұмды

Үндістанда бір апта ішінде 50-ден аса адамға жай түсіп қаза тапты.

Тағы ондаған азамат жарақат алған. Оқыс оқиға елдің шығысында болған. Жалпы қаза тапқандардың басым бөлігі Бихаре қаласының тұрғындары екен. Қазір штат билігі көз жұмғандардың туған-туыстарына өтемақы төлеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар табиғат құбылысынан зардап шеккендерге де қажетті ем-дом ұсынбақ.

Айта кетейік, қазіргі таңда оңтүстік-шығыс Азия елдерінде маусымдық нөсер жаңбыр жауып жатыр. Үндістанда одан 100-ден аса адам құрбан болыпты.

Хабар 24 телеарнасы