384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Элвис Преслидің шашы мен Монроның әшекей бұйымдары аукционға қойылмақ

  • 237
Элвис Преслидің шашы мен Монроның әшекей бұйымдары аукционға қойылмақ

Голливуд жұлдыздарының жеке заттары саудаға шығарылмақ.

Онда Элвис Преслидің шашы, Кейн Уинсленттің пальтосы, Мерилин Монроның әшекей бұйымдары көпшілік назарына ұсынылады. Аукцион тамыз айының соңына белгіленген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Титаник» туындысында Кейт Уинслет киген пальтоның өзін 500 мың долларға сату жоспарланған. Бұған қоса, Рок-н-ролл королінің өзінің алғашқы фильміне түсу кезінде мінген автокөлік пен оның бір буда шашынан да қомақты қаржы табу көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы