386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде V халықаралық әскери ойындар басталды

  • 150
  • UPD: 22:29, 04.08.2019

Ресейде V халықаралық әскери ойындардың ашылуы өтті. Шара танк биатлонынан басталды. Сайыс Мәскеу облысындағы Алабино полигонында өтіп жатыр.

Жалпы осы әскери ойындар 10 мемлекеттің аумағындағы 21 сынақ алаңында ұйымдастырылады.  Бағдарлама бойынша 32 байқау өтуі тиіс.

Қазақстан әдеттегідей ең белсенді 5 елдің қатарында. Биыл біздің әскерилер сайыстың 16 түрінен жарысқа түседі. 

Әскери ойындар биыл да әдеттегідей бірнеше елдің аумағында өтеді. Олардың қатарында Қытай, Үндістан, Иран бар. Ал сайыстарда 200-ден астам құрама бақ сынайды.

Сергей Шойгу, Ресей қорғаныс министрі:

- Халықаралық әскери ойындар ашылды. 2 аптаның ішінде 39 мемлекеттің ең озық әскерилері сайысатын болады. Мұндай шараға қатысу жауапкершілігі мол іс, ал жеңіске жету құрмет.

Қазақстандық әскерилер Армения, Беларусь, Әзербайжандағы ойындарға қатысып жатыр. Үндістанда біздің барлаушылар сайысса, Қытайда қару жасаушылар, ал Өзбекстанда әскери дәрігерлер сынға түседі. Қазақстанда да жарыс өтеді.

Әділбек Алдабергенов, ҚР Қарулы күштер Бас штабы басшысының орынбасары:

- Қазақстанда үш байқау өтеді. Оған 12 елден 19 команда қатысады. Қазақстандықтардың қолдауы үшін алғысымызды айтамыз.

Қазір Мәскеудегі Алабино полигонында танк биатлоны өтіп жатыр. Бұл командалар саны бойынша ең үлкен сайыс.

Құдайберген Ермахан, танк экипажының командирі:

- Біз озіміздің күшімізбен жарыста жулделі орындар алуға тырысамыз. 

Ал көрермендердің ең ұнататын байқауы жорықтағы ас үй. Себебі мұнда әр елдің асханасынан дәм татуға болады. Қазақстандықтар да мол дастарқан жайды.

Данияр Әлішев, «Жорық ас үйі» командасының жаттықтырушысы:

- Ен бірінші тағамымыздан бесбармақ жасадық. Сосын қуырдақ және бауырсақ пісірдік.

БЛИЦ:

  1. Тағамдарыңыз өте дәмді.
  2. Біз жаңа ғана дәмін татып жатқанбыз, керемет. Өте дәмді рахмет сіздерге.

Биыл әскери ойындарда алғаш рет Парсы шығанағында сүңгуірлер жарысы және Моңғолияда атты жасақтар сайысы өтеді. Шара тамыздың 17-сі күні аяқталады.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы