387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда кеме өртеніп, жеті адам қаза тапты

  • 143
  • UPD: 19:22, 17.08.2019
Индонезияда кеме өртеніп, жеті адам қаза тапты

Индонезияда жағалауда тұрған кеме өртеніп, жеті адам қаза тапты.

Тағы төрт адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға елдің орталық бөлігіндегі Оңтүстік-Шығыс Сулавеси провинциясының жағалауында болған.

Синьхуа агенттігінің Индонезия Іздестіру және құтқару ұлттық агенттігінің ресми өкілі Юсуф Латифке сілтеме жасап хабарлауынша, қаза тапқандардың екеуі – бала. Апатқа ненің себеп болғаны әзірге белгісіз, басқа ақпарат жария етілмей отыр.

Өрт кеменің машиналық бөлігінде тұтанған болу керек. Экипаж мүшелері жалынды өшіре алмаған.

«Жолаушылар суға секіруге мәжбүр болған», - дейді Латиф.

 

Хабар 24 телеарнасы