386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда Грекияның Лесбос аралына бет алған 239 мигрант ұсталды

  • 131
Түркияда Грекияның Лесбос аралына бет алған 239 мигрант ұсталды

Түркия жағалау күзеті теңізде бірнеше операция жүргізіп, Грекияның Лесбос аралына бет алған 239 мигрантты ұстады.

Келімсектердің бәрі Чанаккаледегі босқындар лагеріне жеткізілді. Әзірге олардың теңізге шығуына кімдер көмектескені белгісіз. Айта кетейік, Түркия 2015 жылы Еуроодақпен заңсыз миграциямен күрес туралы келісімге келген. Оған сәйкес Анкара Африка және Таяу Шығыстан ағылған мигранттарды Еуропаға жібермей, өз елінде ұстауға келіскен. Ал Брюссель Түркияға жыл сайын 3 миллиардтан астам доллар төлейтін болып шешкен. Осы уағдаластықтан кейін Балқан елдері арқылы Еуропаға ағылған мигранттар саны күрт азайды.

Хабар 24 телеарнасы