385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ қызылша ауруына шалдыққандардың көбейгенін тіркеді

  • 168
  • UPD: 13:22, 31.08.2019
ДДСҰ қызылша ауруына шалдыққандардың көбейгенін тіркеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қызылша ауруына шалдыққандардың күрт көбейгенін хабарлады.

Індеттің негізгі себептерінің бірі - вакцинацияға немқұрайлы қарау. Еуропа елдерінде тек бірінші жартыжылдықтың өзінде 90 мың адам қызылшамен ауырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл былтырғы жыл бойы тіркелген көрсеткіштен көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы иммунизациялау департаментінің директоры доктор Кейт О'Брайеннің айтуынша, әлемдегі жағдай алаңдаушылық туғызады.

Кэту Обриен, ДДСҰ иммундау департаментінің директоры:

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тамыз айына дейін әр аймақтан 364 мыңнан астам оқиғаны тіркеді. Бұл 2006 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Әлі жыл аяқталған жоқ. Қазірдің өзінде қызылшамен ауырғандардың саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есеге көбейіп кетті.

Қызылша - аса тез жұғатын қауіпті аурулардың бірі. Оған шалдыққан жан тағы 20-ға жуық адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Ауру тыныс алу жолдарын, жүйке жүйесі мен асқазан-ішек жолдарын зақымдайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша 2017 жылы қызылшада 110 мың адам қайтыс болған, олардың басым бөлігі бес жасқа дейінгі балалар. Инфекцияның алдын алу үшін екі мәрте екпе егу жеткілікті. Дәрігерлер ауруға шалдыққандардың көбейіп кеткендігін вакцина салдыртпаумен байланыстырады.

Хабар 24 телеарнасы