387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран Еуроодақтан ядролық міндеттемелерін орындауды сұрады

  • 136
  • UPD: 12:45, 03.09.2019
Иран Еуроодақтан ядролық міндеттемелерін орындауды сұрады ria.ru

Еуроодақ 5 қыркүйекке дейін ядролық келісім бойынша өзінің міндеттерін орындамаса, Тегеран өз жүктемелерін азайтады.

Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Мәскеуде Ресей Сыртқы саясатының басшысы Сергей Лавровпен кездесуде осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, еуропалық елдер сауда байланысына қатысты 11 міндетті орындамай отыр. Бірақ Зариф олардың қандай шарттар екенін нақтылған жоқ.

Еске сала кетейік, 2015 жылы АҚШ бастаған 6 мемлекет Иранмен ядролық келісімге қол қойған. Алайда 2018 жылы Вашингтон келісімнен шығып, Иранға қарсы санкцияларды қалпына келтірді. Еуроодақ АҚШ-ты қолдамағанмен, Тегеранмен тиімді байланыс орнатудың жолын әлі таба алмай келеді.

Хабар 24 телеарнасы