386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та кеме өртінен қаза тапқандар саны 25-ке жетті

  • 116
АҚШ-та кеме өртінен қаза тапқандар саны 25-ке жетті BBC

Оңтүстік Калифорниядағы кеме өртінен қаза тапқандар саны 25-ке жетті.

Тағы 26 адам хабар-ошарсыз кеткен. Бұған дейін 8 адам қайтыс болғаны туралы хабарланған еді. Айта кетсек, Санта-Крус аралы маңында түн ортасында жолаушылар шырт ұйқыда жатқан кезде кемеден өрт шыққан еді. Онда жалпы саны 39 адам болған. Қазір құтқарушылар су астына кеткен кемені жағаға шығару жұмыстарымен айналысуда.

Хабар 24 телеарнасы