386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нетаньяху сайлауда жеңген жағдайда ел аумағын ұлғайтуға уәде берді

  • 116
  • UPD: 13:34, 11.09.2019
Нетаньяху сайлауда жеңген жағдайда ел аумағын ұлғайтуға уәде берді

Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху алдағы парламенттік сайлауда жеңіске жетсе Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Өлі теңіздің солтүстік бөлігін қосып алуға уәде етті.

Ол мұндай мәлімдемені сайлауалды науқаны барысында жасады. Нетаньяхудың айтуынша, бұл еврей мемлекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Және де жоспар АҚШ-пен келісіліп жүзеге аспақ. Ал Палестина өкілі мұны әскери қылмыс деді. Айта кетейік, Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауын, Шығыс Иерусалимді және Голан жоталарын 1967 жылы  жаулап алған. 1980 жылы Тель-Авив Шығыс Иерусалимді, ал 1981 жылы Голан жоталарын өз жерлері деп жариялады. Бірақ БҰҰ Тель-Авивтің бұл әрекетін заңсыз деп таныған.

Хабар 24 телеарнасы