389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда Чхусок атты егіншілер мейрамы тойланып жатыр

  • 216
  • UPD: 14:39, 15.09.2019
Оңтүстік Кореяда Чхусок атты егіншілер мейрамы тойланып жатыр

Оңтүстік Кореяның ірі қалалары бұл күндері қаңырап бос қалады. Мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар жұмыс да істемейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұрт тегіс Чхусок немесе күздің толық айы күнін тойлауға аттанады. Бұл – жыл сайын ай күнтізбесінің сегізінші айының он бесінші күні болатын егін мерекесі. Биыл ол он үшінші қыркүйекке келіп отыр. Осыған орай осы айдың 12-15 күндері демалыс деп жарияланды. Осы уақытта қала тұрғындары өз ауылдарына барып, ата-бабалар қабірлерін зиярат етіп, дастархан жайып, ұлттық ойындарға кезек береді. Мерекеге мән бермейтіндер шетелде демалады. Сондықтан Чхусок кезінде әуежайлар мен вокзалдарда адамдар көп, ал тасжолдарда кептелістер пайда болады. Егін жинау фестивалінде әрдайым үстелде сонпён - күріш наны және джон - көкөністер мен балық немесе ет қосылған шелпектер болуы керек. Бұл күні кәрістер бір-біріне тұрмыстық немесе азық-түлік сыйлайды.

Пак Ми Рэ, Ёнин қаласының тұрғыны:

- Чхусоктың қарсаңында бүкіл отбасымен күріш нан жасау дәстүрі бар. Егер жастар оларды әдемілеп дайындаса, онда олардың өмірлік серігі немесе балалары сұлу және мейірімді болады деген түсінік бар. Таң атысымен біз ата-бабаларымыздың зираттарын аралап, дастархан жайып, дәстүрлі корей ауылында мерекені атап өтуге келдік.

Хабар 24 телеарнасы