389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Науқасқа сапасыз қызмет көрсеткен ресейлік дәрігерлерге енді айыппұл салынады

  • 185
  • UPD: 13:15, 18.09.2019

Себебі соңғы бір жылдың өзінде Денсаулық сақтау министрлігіне тұрғындардан 47 мың арыз-шағым түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Медицина қызметкерлеріне қарсы қылмыстық істер саны да еселенді. Тергеу комитетінің ақпары бойынша арызданушылардың басым бөлігі хирург, акушер-гинеколог, анестозиологтан ем аламын деп сал боп шыққандар.

Ресейде өткен жылы ем-домға көңілі толмаған 2000 науқас дәрігерлердің үстінен шағым түсіріп, қылмыстық іс қозғалған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 4 есеге көп. Сондай-ақ әрбір оныншы медицина қызметкерінің кінәсі мойындалған. Денсалуық сақтау министрлігі бұл орайда дәрігерлерге айыппұл тағайындау керек деп отыр. Десе де, медициналық қоғамдастық ақ халаттылардың қателігіне қылмыстық іс қозғап, айыппұл тағайындау дұрыс емес екенін айтады. Олардың пікірінше, дәрігердің сауатсыз болуына денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс себеп болса керек.

Сергей Леонов, РФ кеңес комитетінің әлеуметтік саясат  бойынша мүшесі:

- Бұлай айыппұл тағайындау арқылы денсаулық сақтау министрлігі өзін судан ақ, сүттен таза қылып көрсетпек. Осылайша, жауапкершілікті дәрігерлер мен медицина орталықтарына сілтеп қоймақ.

Ал, медицина қызметкерлері жүктемелерді азайтуды талап етіп отыр. Себебі Ресейдің кейбір облыстарында маман тапшы. Тіпті аудандық ауруханалар мен ауылдық амбулаторияларға барсаңыз бір дәрігер окулисттің де, эндакринологтың да қызметін атқаруы мүмкін. Жұмыс кестесі болса 2-3 ауысымнан. Сондай-ақ әрбір бесінші медицина қызметкері 70 жастан асқандар. Дәрігерлерді қорғау лигасының басшысы айыппұл тағайындау денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешпейтіндігін айтады.

Семён Гальперин, дәрігерлерді қорғау лигасының президенті:

- Айыппұл тағайындау арқылы керісінше арыз-шағымға көміліп қаламыз. Дәрігерлер жаппай жұмыстан кете бастайды. Тәжірибе осылай екенін көрсетті ғой. Алдымен наразылық акцияларына шығады. Сөздерін ешкім тыңдамаған соң қызметінен кетеді. Жас дәрігерлер тіпті елден кетуі мүмкін.

Ресей тергеу комитеті болса, жаза тағайындауды қатаңдатуға көшкен. Қазір өлімге әкелген дәрігер қателігі үшін ақ халаттылар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Басқарма бұл жазаны жеті жылға көбейту керектігін айтады.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы