389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиядан Грекияға күн сайын жүздеген босқын келеді

  • 217
Түркиядан Грекияға күн сайын жүздеген босқын келеді The Kiev Times

Грекия өзінің жағалау күзетін күшейту туралы шешім қабылдады.

Афина сондай-ақ Еуропаның шекараларды қорғау жөніндегі агенттігімен ынтымақтастықты нығайтпақ. Оған соңғы айларда грек жеріне ағылған мигранттардың көбеюі себеп. Мәліметке қарағанда Түркиядан грек жағалауына күн сайын жүздеген босқын келуде. Мысалы, соңғы 4 күнде олардың саны 2 мыңға жеткен. Осыған байланысты мигранттар лагерьлерге сыймай, қауіпті жағдай туындаған. Келімсектер жергілікті биліктен Грекияның ішкі аумағына өткізуді талап етуде.

Хабар 24 телеарнасы