389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австрияда Халық партиясы парламенттік сайлауда жеңіске жетті

  • 129
Австрияда Халық партиясы парламенттік сайлауда жеңіске жетті

Австрияда парламенттік сайлау аяқталды.

Сайлау қорытындысы бойынша консервативті Халық партиясы жалпы дауыстың 38 процентін жинады. Ол Вена қаласынан бөлек, басқа барлық өңірде жеңіске жеткен. Осылайша, Себастьян Курц басқаратын партия 2017 жылғы сайлаумен салыстырғанда өз көрсеткіштерін 7 пайызға жақсартып отыр. Осыған байланысты Курц партияға сенім білдірген сайлаушыларға алғысын айтып, ел үшін аянбай қызмет етуге уәде берді.

Себастьян Курц, Австрия халық партиясының басшысы:

– Бұл – біз үшін тарихи күн. Енді біз Австрия халқына қызмет ететін үкімет құру үшін парламенттегі басқа партиялармен жемісті келіссөздер өткізуге тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы