389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем бойынша картиналары ең қымбат суретшінің туындысы саудаға шығарылады

  • 178
  • UPD: 08:00, 04.10.2019
Әлем бойынша картиналары ең қымбат суретшінің туындысы саудаға шығарылады

Францияда әлем бойынша картиналары қымбат бағаланатын суретшілердің бірі Поль Гогеннің туындысы саудаға шығарылады.

Бұл картинада әсем табиғат көрінісі бейнеленген екен. Танымал суретші оны 1897 жылы Таитиде өмір сүріп жатқанда салыпты. Жалпы бәссауда желтоқсан айының басына жоспарланған. Аукцион ұйымдастырушылары оның 7 миллион долларға бағаланып отырғанын айтады. Айта кетсек, аталған туынды – жеке коллекцияда сақталып келген жалғыз сурет.

Хабар 24 телеарнасы