388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде жасанды ет өндірілді

  • 197
  • UPD: 15:44, 11.10.2019
Ресейде жасанды ет өндірілді

Ресейлік ғалымдар алғаш рет жасанды еттен котлет дайындады. Тіпті одан әзірленген гамбургерді мәскеулік мейрамхана қонақтарына ұсынған.

Жалпы жасанды жолмен ет өндіруге екі жыл кетті. Ғалымдардың айтуынша, ол пробиркада өндіріледі. Ол үшін асыл тұқымды Абердин-ангус бұзауларының бұлшықет тіні қажет екен. Осыдан кейін ол қоректік заттармен бірге өсіріледі. Осылайша ғалымдар салмағы 40 грамм болатын ет фаршын дайындаған. Бірақ бір кемшілігі бар, оның құны өте жоғары - 900 мың рубльге жуық.  Айта кетсек, жасанды еттен жасалған бургер алғаш рет Голландияда осыдан 6 жыл бұрын әзірленген болатын. Сол кезде оның бағасы 280 мың долларды құраған еді.

Дина Степанова, лаборатория жетекшісі:

- Біз жасанды ет құрамын түрлендіре аламыз. Мәселен, еттегі майлы қышқылдар санын арттыру мүмкіндігі бар. Немесе дәрумендерге бай ет өсіруге болады. Сондай-ақ вегетариандарға арналған ет өнімдерін дайындай аламыз.

Хабар 24 телеарнасы