387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерландылық отбасы 9 жыл бойы жертөледе тұрып, ақырзаманды күткен

  • 268
  • UPD: 14:00, 16.10.2019
Нидерландылық отбасы 9 жыл бойы жертөледе тұрып, ақырзаманды күткен russian.rt.

Голландияның Дренте провинциясында 58 жастағы ер адам алты баласымен бірге 10 жылдай үйінің жертөлесінде өмір сүріп келген, деп хабарлайды Die Welt.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, олар ақырзаманды күтіп отырған. Оның ұлдарының бірі үйінен қашып шығып, полиция шақыруға көмек сұраған.

Егде жастағы ер кісінің 16-дан 25 жас аралығындағы алты баласы бар. Олар тоғыз жыл бойы сыртқа шықпаған және балалары ешқашан мектепке бармаған.  

Полиция қызметкерлері  отбасы тұрып жатқан үйге барып, қонақ бөлмесінде тұрған шкафтың артынан жертөлеге апаратын жасырын баспалдақ тапқан. Полиция әзірге отбасы мүшелерінің денсаулығы туралы хабарлаған жоқ, деп жазды Die Welt.

Қазіргі уақытта 58 жастағы отағасы тұтқындалды.

Хабар 24 телеарнасы