387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та барби жекежайлары жалға беріліп жатыр

  • 184
АҚШ-та барби жекежайлары жалға беріліп жатыр

Барби қуыршақтарының мерейтойына орай Малибуда жекежайлар жалға беріле бастады.

Ең қызығы бұл үйлер дәл қуыршақтың үйіндей безендірілген. Жылжымайтын мүлікті Airbnb қосымшасы арқылы жалға алуға болады. Құны бір түнге 60 АҚШ долларын құрайды. Алдын ала брондау 27-29 қазан аралығында жүргізіледі.

Айта кетейік, бұл Dreamhouse мұхит жағалауында орналасқан. Онда бірнеше жатын бөлме, хауыздар, кинотеатр, спорттық алаң, таза ауада ас ішуге арналған аймақ және медитация бөлмелері бар. Ал үйдің ішкі дизайны Барбидің суреттерімен әсемделген. Сондай-ақ келушілер қуыршақтың киімдерін көріп, 60 жылдық тарихымен де таныса алады.

Хабар 24 телеарнасы