388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каталонияның Испаниядан бөлінуіне қарсы топ шеру ұйымдастырды

  • 195
  • UPD: 13:59, 21.10.2019
Каталонияның Испаниядан бөлінуіне қарсы топ шеру ұйымдастырды

Олар осылайша, тәуелсіздік жақтастарының зорлық әрекеттерін доғаруын талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Испания мен Еуроодақ туларын ұстап шыққан жүздеген адам жергілікті әкімшілік ғимараты алдына жиналды. Белсенділердің сөзінше, олар ереуілден азап шегіп отырған аймақ тұрғындарын қолдау үшін келіпті.

Айта кетсек, өткен демалыс күндері маска киген ереуілшілер қайтадан полиция өкілдерімен қақтығысып, Барселона орталығында қоқыс жәшіктерін өртеген еді. Ал бейбіт шерулер дүйсенбіде басталған болатын. Оған тәуелсіздікті жақтаушы 9 көшбасшының ұзақ мерзімге түрмеге қамалуы себеп болды.

Хабар 24 телеарнасы