384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда ауру қаупі жоғары азаматтарға тұмауға қарсы тегін екпе жасалып жатыр

  • 237
Грузияда ауру қаупі жоғары азаматтарға тұмауға қарсы тегін екпе жасалып жатыр

Былтыр Грузияда «доңыз» тұмауы тарап, 22 адам көз жұмған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол себепті биыл дәрігерлер тұрғындарды тұмауға қарсы екпе жасатуға шақырып отыр. Ел үкіметі былтырғымен салыстырғанда вакцинаны екі есе көп сатып алған. Ауру қаупі жоғары азаматтарға екпе тегін, қалғандары вакцинаны дәріханалардан сатып алады. 

Амиран Гамкрелидзе, ауруларды бақылау және қоғамдық денсаулық орталығының жетекшісі:

– Ауруды жұқтырып алмас үшін гигиенаның негізгі ережелерін сақтау қажет. Қолды жиі жуып, бөлмелерді желдету керек. Ал тұмаудың алғашқы белгілері дене қызуы, бас ауру мен жөтел біліне бастағанда, дереу дәрігерге көріну тиіс. Барлығы тұмауды қауіпсіз деп санайды. Алайда 20% ол асқынуға, тіпті ажалға да әкелуі мүмкін. Сол себептен бұл дертпен өте сақ болуымыз керек. Грузия тұрғындарының санасы өсіп, екпе жасайтындар саны артып жатқаны қуантады.

Хабар 24 телеарнасы