384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда полицейлер ереуілді күштеп таратты

  • 215
  • UPD: 14:09, 19.11.2019
Грузияда полицейлер ереуілді күштеп таратты

Грузияда қалқан мен таяқ ұстаған жүздеген полицей парламент ғимаратын қоршауға алып, үкіметке қарсы ереуілшілерді таратып жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, аймақтағы наразылық акциялары 14 қарашада басталған еді. Оған 2020 жылғы сайлауға қатысты конституциялық түзетулердің парламент қарауынан өтпеуі түрткі болды. Осыдан кейін жергілікті жұрт парламент үйінің алдына жиналып, үкіметтің отставкаға кетуі мен кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті. Алайда басқарушы партия ымыраға келуден бас тартып, қала көшелері мен Парламент ғимараты маңайын ереуілшілерден тазарту бойынша арнайы операция жүргізуді қолға алды. Бірақ ереуілшілер акцияның бейбіт түрде өтіп жатқанын айтып, тәртіп сақшыларының жолына қарсы тұрды. Осыған байланысты полиция оларға қарсы суатқыш қолданды. Бірнеше белсенді уақытша қамауға да алынды. Соған қарамастан, оппозициялық партия өкілдері ереуілді ары қарай да жалғастырмақ ниетте екен.

Торнике Намичеишвили, ереуілге қатысушы:

– Полиция парламент алдына жиналған бейбіт шерушілерді күшпен таратып жіберді. Бірақ ел парламенті тепе-теңдік сайлау жүйесіне қатысты берген уәдесін орындамайынша, ереуіл жалғаса береді. Біз артқа шегінбейміз. Себебі қазір Грузияның тағдыры шешілуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы