419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қырғызстан шеттен әкелінетін көліктер ағынын шектеуге күш салуда

  • 969
  • UPD: 20:49, 23.11.2019

Келер жылы Қырғыз Республикасына үшінші елдерден әкелінетін көліктерге жеңілдетілген салық төлеу тоқтатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп көрші ел азаматтары сырттан темір тұлпар тасымалдауды азайтуға мәжбүр болады. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ ішіндегі сауда-саттықты арттырудың қамы. Таяуда Қырғыз үкіметі 2014 жылдан бері ұсынылып келген жеңілдік мерзімін ұзартуды сұраған. Бірақ одақ кеңесі оған келісім бермеді. Енді келер жылы елде Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ кедендік мөлшерлемесі енгізіледі.

Алмаз Сазбақов ЕАЭО Қырғыз Республикасы Үкіметінің арнайы өкілі:

– Жеке тұлғалар үшін бұрынғы кедендік мөлшерлеме мерзімін ұзарту жөніндегі Қырғыз Республикасының ұсынысы жан-жақты талқылаудан өтті. Алайда кеңес тарапынан қолдау көрсетілмеді. 2020 жылдан бастап бірыңғай одақтық ережеге бағынуға тура келеді. Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінде ортақ мөлшерлеме болады.

Хабар 24 телеарнасы