378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Румынияның президенті Клаус Йоханнис қайта сайланды

  • 225
  • UPD: 13:24, 25.11.2019
Румынияның президенті Клаус Йоханнис қайта сайланды

Румынияның қазіргі президенті Клаус Йоханнис мемлекет басшысы сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жетті.

Экзит-полл мәліметінше, онда сайлаушылардың үштен екі бөлігі дауыс берген. Сайлауға дауыс беруге қатысқандар саны 50%-ға да жеткен жоқ. 

Осылайша Йоханнис екінші рет бес жыл мерзімге сайланды. «Румындар заманауи мемлекетті, еуропалық Румынияны таңдады», - деп мәлімдеді ол. Президент дауыс берудің алдында елді 30 жыл бойы басқарған социал-демократтардың билік етуін тоқтатуға шақырды. Йоханнис оларды «Румынияны еуропалық жолдан тайдыруға» ұмтылып жатыр деп айыптады. Мемлекет басшысының екінші кезеңдегі қарсыласы, экс-премьер Виорика Дэнчилэ «құқықтар мен бостандықтар болмаған кезде және барлық билік бір адамның қолында болған» уақытқа қайта оралуға қарсы дауыс бергенін атап өтті.

euronews

Хабар 24 телеарнасы