443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирак премьер-министрі отставкаға кетті

  • 435
  • UPD: 10:31, 01.12.2019

Ирактың үкімет басшысы Әділ Абдул Махди елде жаппай наразылық жалғасып жатқан тұста парламентке отставкаға кету туралы өтініш берді.

Мұндай жаңалықты естіген мыңдаған ереуілші оны қуана қабылдап, тойлауға көшті. Айта кетейік, Иракта үкіметке қарсы ереуіл қазан айынан бері жалғасып келеді. Жергілікті халық жемқорлық,жұмыссыздық мәселесін көтеріп, үкімет отставкасын талап етті. Осы уақытқа дейін қақтығыстардан 400 адам қаза тауып, 15 мыңдай тұрғын жараланды. Осыған байланысты шииттердің рухани басшысы Әли Әл-Систани биліктің демонстранттарды күшпен басу әрекетін айыптап, жаңа министрлер кабинетін құруға шақырды.

Хабар 24 телеарнасы