417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Конгоның шығысында «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы қызметін тоқтатты

  • 830
  • UPD: 13:34, 11.12.2019
Конгоның шығысында «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы қызметін тоқтатты

Халықаралық «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы Конго Демократиялық Республикасының шығысында өз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қауіпсіздік мақсатында қабылданған шешім. Өйткені содырлардың ұйым қызметкерлеріне жасайтын шабуылдары жиілеп кеткен. Негізі қазір елде Эбола безгегі өршіп тұр. «Шекарасыз дәрігерлер» мамандары аурудың таралуына жол бермеумен айналысып жатқан. Алайда, бір ай бұрын бұл дертке қарсы күрес жүргізген белсенділердің бірі өлтірілген. Ал, жуырда медициналық бекетке шабуыл жасалан. Енді жергілікті билік Эбола безгегінің тез таралуынан қауіптеніп отыр.

Хабар 24 телеарнасы