377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ: Темекі шегуші ер адамдардың саны азая бастады

  • 133
  • UPD: 13:33, 20.12.2019
ДДСҰ: Темекі шегуші ер адамдардың саны азая бастады

Әлемде темекі шегумен күрес өз жемісін бере бастағандай. Дүниежүзінде темекі шегетін ер адамдардың өсуі алғаш рет тоқтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал келесі жылы оның саны тіпті 2 миллион адамға азаймақ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай баяндама жариялады. Мәліметтерге қарағанда, 2020 жылы жер шарында шылымға әуес жандар 2018 жылмен салыстырғанда 10 миллионға төмендесе, 2025 жылға таман бұл көрсеткіш 27 миллионға жетеді екен. «Бұл үлкен өзгеріс», дейді сарапшылар. Ал ресми дерекке сүйенсек, былтыр әлемде темекі шегушілердің саны 1 миллиард 337 миллион адамды құраған.

Хабар 24 телеарнасы