422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуліктер Жаңа жылды қарсыз қарсы алуы мүмкін

  • 557
  • UPD: 09:13, 26.12.2019
Мәскеуліктер Жаңа жылды қарсыз қарсы алуы мүмкін

Мәскеу тұрғындарын аномальді жылы ауа райы таңғалдыруда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда температура 6 градусқа дейін көтеріліп, бәйшешек пен бақбақ гүлдеген. Десе де, жергілікті жұрт Жаңа жылды қарсыз қарсы алғысы келмейтіндерін айтады. Ал, синоптиктер «қыстың басты мерекесіне дейін ақ ұлпаның түсуі екіталай» деп топшылап отыр. Есесіне, Жаңа жылда шаһарда жаңбыр күтілуде.

Олеся, жергілікті тұрғын:

Ауа райы Еуропадағыдай. Керемет! Бірақ мереке сезілетіндей Жаңа жылда қар жауса екен деп отырмыз.

Надежда, жергілікті тұрғын:

Түрлі безендірулердің арқасында мерекелік көңіл-күйде жүрміз. Әзірге қардың жоғына аса көңіл бөлмей жатырмыз. Алайда Жаңа жылға дейін жауып қалатын шығар деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы