424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Austrian Airlines және Lufthansa Тегеранға ұшуды тоқтатты

  • 657
  • UPD: 10:25, 10.01.2020
Austrian Airlines және Lufthansa Тегеранға ұшуды тоқтатты

Қазір Иран тарапы Канаданың көлік қауіпсіздігі жөніндегі кеңесін апат орнын көруге шақырғаны белгілі болды.

Украина мен Boeing компаниясының өкілдері де тергеуге қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал соңғы ақпарға қарағанда, Austrian Airlines және Lufthansa Тегеранға ұшуды тоқтатқан. Франкфурттан Тегеранға ұшып шыққан неміс әуе компаниясының ұшағы кері оралды. Бірлестік лайнерді кері қайтару туралы шешім Тегеран әуежайы маңындағы қауіпсіздікке қатысты баяндамалардан соң қабылданғанын мәлімдеді.

Еске сала кетейін, Украинаның Boeing-737 ұшағы сәрсенбі күні Тегеран әуежайанын ұшып шыққан еді. Көп ұзамай апатқа ұшырады. Оның бортында 167 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. Олардың ешқайсысы тірі қалған жоқ. Апаттан қаза тапқандардың көбі Канада мен Иран азаматтары. 

Ұшақта болған 176 жолаушының 82-сі Иранның, 63-і Канаданың тұрғындары. Бұдан бөлек Швецияның -10, Ауғанстанның- 4, Ұлыбританияның -3 және Украинаның -11 азаматы болған. Менде бар ақапарат осы.

Хабар 24 телеарнасы