430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


SpaceX: зымыран апатынан ғарышкерлер зардап шекпейді

  • 613
  • UPD: 09:56, 20.01.2020
SpaceX: зымыран апатынан ғарышкерлер зардап шекпейді

SpaceX америкалық аэроғарыштық компаниясы кезекті сынағын сәтті өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді зымыран көкке көтерілу кезінде апатқа ұшыраса да, ғарышкерлер мүлдем зардап шекпейді. Кеннеди атындағы ғарыш орталығында жүргізілген сынақ кезінде Falcon-9 зымыраны ұшырылып, 80 секундтан кейін әдейі апатқа ұшырайды. Зымыранның алдыңғы бөлігінде ғарышкерлер отыратын капсула өзінің қозғалтқышын іске қосып, апаттан қауіпсіз жерге ауысты. Содан соң парашют арқылы Флорида жағалауына 30 шақырым жерге қонды. Сынақ жұмыстарына екі манекен қатысқан. Бұл SpaceX компаниясы үшін маңызды сынақ болды. Өйткені НАСА ғарыштық агенттігі компанияға биылдан бастап Халықаралық ғарыш орталығына ғарышкерлерді тасымалдау үшін рұқсат беретін сертификат табыстауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы