412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италиядағы тау-шаңғы шипажайы пластиктен толықтай бас тартты

  • 182
  • UPD: 12:17, 06.02.2020
Италиядағы тау-шаңғы шипажайы пластиктен толықтай бас тартты

Италияның Тренто провинциясындағы тау-шаңғы шипажайында экологиялық жоба қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда пластиктен толықтай бас тартқан. Мәселен, келушілерге карталардың орнына қағаз билеттер беріледі. Ал, бүкіл шипажай аумағында жаңа ережелерге құрметпен қарауға шақыратын плакаттар ілулі тұр. Жалпы Тренто провинциясы үшін бұл алғашқы экологиялық жоба емес. Бұған дейін өңірде жасыл энергетикаға бағытталған үш шағын су электр станциясы салынған болатын. Одан бөлек, жергілікті ғимараттардың біразы ағаш өңдейтін кәсіпорын қалдықтарының көмегімен жылытылады.

Марко Лео, мейрамхана менеджері:

- Біз ұсақ-түйекке дейінгінің бәрін алмастырдық. Пластик шөлмектердің орнына шыны бөтелкелерді қолданамыз. Түтікшелер, контейнерлер мен стақандарды да целлюлоза не картон секілді басқа материалдан жасалатын баламаларына ауыстырдық.

Йозек Новак, Польшадан келген саяхатшы:

- Негізі бұл жоба тек тау-шаңғы шипажайында ғана емес, бүкіл жерде қолға алынса, жақсы болар еді. Бірақ пластиктен 100% бас тартуға болмайтынын жақсы түсінемін. Ол біздің күнделікті өмірімізге және экономикамызға қажет. Алайда бұл материалды тұтыну көлемін азайтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы