424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Exit-poll: сайлауда «Жаңа Әзербайжан» партиясы жеңіске жетті

  • 462
  • UPD: 13:36, 10.02.2020
Exit-poll: сайлауда «Жаңа Әзербайжан» партиясы жеңіске жетті Trend

Әзербайжандағы «Эни Әзербайжан» билеуші партиясы кезектен тыс парламенттік сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шетелдік зерттеу компанияларының жүргізген экзит полы осыны көрсетеді. Мысалы, америкалық әлеуметтік зерттеулер орталығы «Эни Әзербайжан» парламенттегі 125 мандаттың 69-ына ие болады дейді. Ал француз зерттеу компаниясы билеуші партия 66 орынды иеленетінін айтады.

Еске сала кетейік, кеше Әзербайжанда кезектен тыс парламенттік сайлау өтті. Сайысқа 1 мың 300-ден астам үміткер түсті. Олардың 246-сы партия атынан қатысса, 1 мыңнан астамы тәуелсіз кандидат ретінде тіркелген болатын.

Хабар 24 телеарнасы