422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израиль Сирияны әуеден соққылады

  • 470
Израиль Сирияны әуеден соққылады

Ал өткен түнде Израильдің әскери әуе күштері Сирия астанасы Дамаскіге әуеден соққы жасады.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Сирияның әуе шабуылына қарсы қорғану жүйесі Голан шыңдарынан атылған бірнеше зымыранды жолдан қағып өткен.

Айта кетейік, Израильдің үкімет әскері шам елінде тұрақталған Ливанның «Хезболла» қозғалысы немесе Иранның қарулы күштеріне жиі шабуыл жасап тұрады. Оның осы жолы кімді нысанға алғаны әзірге белгісіз. Ал зардап шеккендер мен мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы