Қытайда бір тәулік ішінде 1 мың 824 науқас дертінен айығып, үйлеріне қайтты. Ал соңғы бір күнде 1 мың 749 адам індетке шалдыққаны расталды.
Міне осымен 15 күн қатарынан ауру ошағы Хубэй провинциясынан басқа өңірлерде вирусты жұқтырудың жаңа деректері азайып келеді. Сөйтіп, Хубэйді қоспағанда Қытайдың өзге аймақтарында жарты ай бұрын 890 оқиға тіркелсе, бүгінде олардың саны 60-қа жуықтайды.
Ми Фенг, Қытай денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссиясының өкілі:
- Соңғы мәлімет бойынша коронавирусты жұқтырудың 74185 дерегі тіркелген. 1977 науқастың жағдайы ауыр. 2004 адам мерт болды. Осы күнге дейін 14376 адам жазылып шыққан.