429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда коронавирус жұқтырғандар саны кенеттен артты

  • 632
  • UPD: 13:49, 23.02.2020
Италияда коронавирус жұқтырғандар саны кенеттен артты

Италияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 79-ға жетті. Елдің азаматтық қорғаныс қызметінің хабарлауынша, соңғы екі күнде науқастар саны күрт өскен.

Жалпы коронавирус Италияның бес өңірінде анықталған. Елдің солтүстігіндегі Ломбардия қаласында 54 адам ауру жұқтырған. 

«Тағы 17 дерек Ломбардиямен шекаралас Венето облысында, екі жағдай Эмилии-Романьеде, тағы екеуі Рим маңайындағы Лациода (бұлар қытайлық туристер) және тағы біреуі Пьемонтте тіркелді», - деп хабарланды министрлер кеңесі шұғыл отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында.

Ақпаратқа сәйкес, 51 адам ауруханаға түскен, оның 18-і интенсивті терапия бөлімінде жатыр, тағы 11 адам өз үйінде оқшауланған, олардан коронавирустың жаңа түрінің симптомдары анықталмаған. 

Еске сала кетсек, 21 ақпанда Италияның Падуя қаласында COVID-19 вирусынан бір адам қайтыс болды. Жергілікті ауруханада 78 жастағы ер адам қайтыс болған, оның тыныс алуы тарылған. Ол ақпанның басында Қытайдан келген досымен тамақ ішкені анықталды. 

Сондай-ақ Ломбардия облысының Кодоньо қаласындағы ауруханада пневмониядан жергілікті тұрғын 77 жастағы әйел қайтыс болғаны айтылды. 

Euronews мәліметінше, 15 мың тұрғыны бар қалашықта тұрғындарға сыртқа шықпауға, балаларды мектепке жібермеу және шіркеуге бармау туралы кеңес берілген.

Хабар 24 телеарнасы