424.28 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай коронавирустың таралуын тоқтату үшін робот пен дронға көшті

  • 574
  • UPD: 09:27, 29.02.2020

Қытайда жанармай құю бекеттері жүргізушілердің коронавирусқа шалдығуын болдырмау үшін түрлі әдістер қолданып жатыр.

Мысалы, «Синопек» компаниясы өз станцияларында азық-түлік тасушы жүргізушілермен тікелей байланысты шектей бастаған. Яғни жүргізушілер тапсырысты алу үшін көліктен сыртқа шықпайды. Тағам түрлі жеткізу қызметтері арқылы қапталып, көлікке салынады. Жүргізушілер мұндай қызметтің қауіпсіз әрі тиімді екенін айтады. 

Фу Юй, жүргізуші:

- Бұл қауіпсіз әрі ыңғайлы. Себебі індеттің таралуы басылған жоқ. Мұндай қызмет бізге қоғамдық орындарда көп уақыт болмауға мүмкіндік берді. Қазір адамдар үйлерінен сирек шығатын болған. Ал мынадай қызметтің тиімділігі зор.

Жалпы Қытайда коронавирус жергілікті нарыққа үлкен өзгерістер әкелді. Вирустың таралуына тосқауыл қою үшін қызмет көрсету онлайн режимге көшкен. Тіпті адамдардың қауіпті дертке шалдықпауы мақсатында роботтар мен дрондарды қолдану көбейген.

Хабар 24 телеарнасы