437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада алғашқы адам коронавирус жұқтырды

  • 143
  • UPD: 13:41, 29.02.2020
Мексикада алғашқы адам коронавирус жұқтырды

Мексикада коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің көмекшісі хабарлады.

Қатерлі дертке 35 жастағы азамат шалдыққан. Науқас осыдан бір апта бұрын Италияда болған көрінеді. Қазір ол Мехикодағы ауруханалардың бірінде екен. Жалпы бұл жаңалық Мексика тұрғындарын дүрліктіріп отыр. Ауруды жұқтырудан үрейленген халық жаппай маска мен бактерияға қарсы препараттар сатып ала бастаған. Осыған байланысты жергілікті билік азаматтарды сабырға шақырып жатыр.

Айта кетейік, Мексика - Латын америкасында коронавирус тіркелген екінші ел. Бұған дейін бұл кесел Бразилияда анықталған болатын.

Хабар 24 телеарнасы