424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бразилияда кеме апатынан 18 адам қаза тапты

  • 813
  • UPD: 09:49, 03.03.2020
Бразилияда кеме апатынан 18 адам қаза тапты

Бразилияның солтүстігіндегі Амапа штатында жолаушылар тасымалдайтын «Анна-Каролина III» кемесі аударылып,18 адам қаза болды, деп хабарлады Globo.

Кеме апатынан 22 адам хабар-ошарсыз кетіп, 46 адам құтқарылды.

Қазіргі уақытта жоғалған адамдарды құтқарушылар мен әскери қызметкерлер іздестіруде. Оқиға орнына әскери-теңіз тікұшақтары жіберілді.

Бортта неше адамның болғаны нақты белгілі емес.

Апатқа қатты жел себеп болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы