423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирустан әлемдік сауда әр тоқсан сайын 320 млрд доллар шығынға батады

  • 454
  • UPD: 14:57, 07.03.2020
Коронавирустан әлемдік сауда әр тоқсан сайын 320 млрд доллар шығынға батады

Коронавирустан әлемдік сауда әр тоқсан сайын 320 миллиард доллар шығынға батады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүниежүзілік экспорттық несиені сақтандырумен айналысатын Euler Hermes компаниясы осындай мәлімет жариялады. Сарапшылар «індеттің ықпалы өткен жылғы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресімен бірдей» дейді. Осы дерттен ғаламдық сауда көлемі осы жылдың алғашқы жартысында 2,5%-ке төмендесе, екінші жартысында 1% шамасында бәсеңдейді. Ал осы коронавирустан көп зиян шегетін туризм және көлік саласы.

Хабар 24 телеарнасы